Балалардың денсаулығын сақтай отырып, олардың жан-жақты дамуына, шығармашылық және танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен білім беруге қолайлы жағдай жасау.
- Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту
- Жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту
- Танымдық қабілеттерін қалыптастыру
- Сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту
- Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
- Әлеуметтік ортаға бейімдеу
- Ұлттық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
- Өз бетінше әрекет етуге тәрбиелеу
- Ойын арқылы білім алуға қызығушылығын арттыру
- Мектепке жан-жақты дайындау